Қытайда тағы бір қала оқшауланды

0
752

Қалада барлық бұқаралық ойын-сауық шаралары тоқтатылып, орталық базар жұмысын тоқтатады.


Қытайда тағы бір қала оқшауланды

ERNUR.KZ. 24 қаңтардан бастап 2019-nCoV коронавирусының таралуына байланысты Қытайдың Хуангган қаласында қоғамдық көліктер, сонымен қатар теміржолдың сыртқы бағыттағы пойыздары жұмысын тоқтатты, деп жазады Zakon.kz.

Сонымен қатар, қалада барлық бұқаралық ойын-сауық шаралары тоқтатылып, орталық базар жұмысын тоқтатады. Жергілікті билік тұрғындарға аса бір қажеттілік болмаса, Хуангганнан шықпауға кеңес береді.

Айта кетелік, бүгін Қытайдың коронавирус шыққан, 7 миллионннан астам тұрғыны бар Ухань қаласы карантинге жабылған.