​Қытайдың бір провинциясы құмды боранның астында қалды (видео)

0
2 837

Биіктігі 100 метрге жеткен құйын сағатына 61 км жылдамдықпен қозғалып, 5 минуттың ішінде бүкіл Миньлэ уезін жауып қалды.


​Қытайдың бір провинциясы құмды боранның астында қалды (видео)

сурет:massaget.kz

ERNUR.KZ. Қытайда 25 қараша күні Гансу провинциясының солтүстік-батысынан құмды дауыл өтті, деп жазады sputniknews.kz.

Биіктігі 100 метрге жеткен құйын сағатына 61 км жылдамдықпен қозғалып, 5 минуттың ішінде бүкіл Миньлэ уезін жауып қалды.


Құмды боран Гоби шөлінен шығып, жергілікті тұрғындарды бас сауғалауға мәжбүр етті, ал жолдың нашар көрінуі жүргізушілерді адастырып, патрульдер мен өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатты.

аңертең күн ашық болды, ал түске қарай бүкіл қаламызды жүз метрлік құм басып қалды", - деп түсіндірді жергілікті тұрғын.

Кешке қарай Цзяюйгуань, Цзюцюань, Чжанъе, Цзиньчан және Увэй қалаларында ауа сапасының индексі "өте қауіпті" деңгейге жетті, бұл ластанудың ең жоғары дәрежесін көрсетеді. Дүйсенбі күні Қытайдың астанасын қою түтін басып, тұрғындар бет-аузын қорғаныс маскаларымен тұмшалауға мәжбүр болды. Сонымен қатар, құмды дауыл Ганьсудан Бейжіңге келеді деп болжанып отыр.