Қытайдың көлік компаниялары маска шығара бастады

0
737

Коронавирустан аспан асты елінде көлік сатылымы ақпан айының алғашқы 2 аптасында 92 пайызға азайған.


Қытайдың көлік компаниялары маска шығара бастады

ERNUR.KZ. Қытайда көлік шығарушы компаниялардың 75 пайызы қауіпті індетпен күреске өз үлесін қосып, бетперде шығара бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гуанчжоу көлік қауымдастығы оның деңгейін ақпан айының соңына дейін 1 миллион данаға жеткізуді көздеп отыр. Ал коронавирустан аспан асты елінде көлік сатылымы ақпан айының алғашқы 2 аптасында 92 пайызға азайған. Қытай жолаушылар көлігі бірлестігінің мәліметі осыны көрсетіп отыр. Ақпарға қарағанда, осы уақыт аралығында күн сайын тек 811 көлік сатылған. Қауымдастық басшысы мұндай жағдайды індетке байланысты тұрғындардың көшеге көп шықпауымен түсіндіріп отыр.