Қытайлар неге итті тірідей суға қайнатады

0
1 086

Жергілікті тұрғындар итті аштан өлмеу мақсатында жей бастаған деген тұжырым бар.


Қытайлар неге итті тірідей суға қайнатады

ERNUR.KZ. Қытайда жыл сайын "Иттің етін жеу фестивалі" өтеді. Аталмыш шара әлем бойынша жануарлар құқығын қорғайтын ұйымдарды жыл сайын бір мазалап алатыны бар. Әдетте, Гуанси аймағында өтетін бұл фестивальдің бір сұмдығы, мұндағы иттердің басым көпшілігі не тірідей суға қайнатылады, не тірідей отқа қақталады, деп жазады sn.kz.

Мұның Қытай дәстүрімен өзіндік сабақтастығы бар. Қытайда иттің етін тамақ ретінде қолданудың қашан пайда болғанын айту өте қиын. Қытаймен көршілес жатқан Кореяда да иттің етін ас ретінде қолдану кең етек жайған құбылыс. Ғалымдар оның тарихы Жапония Қореяны отар еткен сәтте немесе Кәріс соғысында пайда болды дейді. Жергілікті тұрғындар итті аштан өлмеу мақсатында жей бастаған деген тұжырым бар. Алайда иттің етін оған дейін де қолданғаны жайлы тарихи жәдігерлер табылып жатыр.

Ал Қытайға қатысты ондай нақты деректер өте аз. Ғалымдар оның тарихы бірнеше мың жылға кетуі мүмкін дейді. Моңғол шапқыншылығы мен Құбылайдың Қытайды бағындыру жорықтарында жергілікті тұрғындардың ит етін жегені туралы жазбаларда айтылған. Сол дәстүр бүгінде жалғасын тауып, үлкен фестивальге айналды. Адам денесін түршіктіретін итті тірідей отқа қақтау мен ыстық суға қайнатудың астарында не жатыр?

Бұл ежелгі Қытай дәстүрі. Дәстүр бойынша тірідей отқа қақталған иттің еті өте дәмді болады, оның негізгі себебі иттің бойындағы адреналиннің жоғары болуында дейді. Сонымен қатар мұндай әдіспен пісірілген иттің еті түрлі ауруларға ем екен-міс. Дей-тұра бұл теория ғылыми тұрғыдан мүлде шынайылыққа сай келмейді. Жануарлардың құқығын қорғаушылар бұл итті сатушы кәсіпкерлердің ойдан шығарылып, қоғамға таратылған жаңсақ ақпараты ғана.