Қызметкерлер президент портретімен бір-бірін ұрып, видеоға түсірген

0
671

Жігіттер бір-бірін президент портретімен ұрған әрекеттері үшін кешірім сұрады.


Қызметкерлер президент портретімен бір-бірін ұрып, видеоға түсірген

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков портретін қолдарына ұстап алып, видео түсірген Бішкек мэриясының қызметкерлері жұмыстан шығарылмайды. Қырғызстан президентінің аппараты осындай ұсыныс білдірді, деп жазады sputniknews.kz.

Бұған дейін желіде тарап кеткен видеода "Бишкекские парковки и стоянки" мекемесінің қызметкерлері бір-бірін президент портретімен ұрып, "Шық есіктен" деп айтқан. Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанның премьер-министрі болған кезде дәл осы сөзбен шенеуніктердің бірін үкімет отырысынан қуып жіберген болатын, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Мэрия басшылығы қызметкерлерді жұмыстан шығаруды тапсырды. Алайда олар кешірім сұраған.

Қырғызстан президентінің аппараты қызметкерлерді қызметтен шығармау керектігін айтқан. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.