Қызметкерлерімен көңілдес болуға тыйым салды

0
2 100

Австралия премьер-министрі Малкольм Тернбулл министрлерге қарамағындағы қызметкерлерімен жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салды.


Қызметкерлерімен көңілдес болуға тыйым салды

Австралия премьер-министрі Малкольм Тернбулл министрлерге қарамағындағы қызметкерлерімен жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салды, - деп хабарлайды Рейтер. Министрлер кабинетінің басшысы мұндай қадамға орынбасарының баспасөз хатшысымен көңілдестік жасағаны жалпыға әшкере болған соң барып отыр.

Тернбулл ел алдында бұл әрекеттің теріс қылық екенін айтып, апта бұрын америкалық Конгресте қабылданғаны сияқты Австралия үкіметінде де жаңа стандарттар мен корпоративті этика талаптары енгізілетінін мәлімдеді.

“2018 жылда министрдің өз қарамағындағы қызметкермен сексуалдық қатынаста болуы ақылға сыйымсыз. Бұл өте нашар іс және одан жақсылық күтуге болмайтынын бәрі біледі”, - деді Малкольм Тернбулл.