Латвия вакцина ектірмегендерге дүкенге кіруге тыйым салды

0
510

Мектеп оқушылары бетперде киіп жүруге міндеттелді.


Латвия вакцина ектірмегендерге дүкенге кіруге тыйым салды

ERNUR.KZ. Латвияда COVID-19 дертіне қарсы вакцина салдырмағандарға дүкенге кіруге тыйым салынды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл шешімді Латвияның дағдарысты басқару жөніндегі кеңесі қабылдады.

«Дүкендерге тек COVID сертификаты бар адамдар бара алады. Бірақ азық-түлік дүкендеріне барлығы кіре алады», – деді саясаткер.

Кариньш халықты тезірек екпе салдыруға және мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге үндеді. Сонымен қатар кеңес мектеп оқушыларын бетперде киіп жүруге міндеттеді. Енді бұл шешімді үкімет 8 қазанда бекітуге тиіс.

Осы күнге дейін бұл елде халықтың 50% коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус әлем халқының 70%-ын вакциналау үшін шамамен қанша доза керектігін айтқан болатын. Ол препараттар санының әр елде әркелкі болуы «жаһандық апатқа» әкеліп соққанын, бірақ жағдайды ретке келтіруге әлі де мүмкіндік бар екенін атап өтті.