Лесби бар: Әлемге әйгілі мультфильм Таяу Шығыс елдерінде көрсетілмейтін болды

0
1 086

Кувейт, Оман, Катар және Сауд Арабиясы елдерінде көрсетілмейтін болды.


Лесби бар: Әлемге әйгілі мультфильм Таяу Шығыс елдерінде көрсетілмейтін болды

ERNUR.KZ. Pixar студиясының "Алға" мультфильмі лесбийлік қарым-қатынасты көрсеткені үшін бірқатар араб елінде көрсетілмейтін болды, деп жазады kaz.nur.kz.

Фильмде Спектер есімді полиция қызметкері өз құрбысымен ара-қатынаста екенін және олардың ортақ балалары бар екенін айтады.

Аталған картина Кувейт, Оман, Катар және Сауд Арабиясы елдерінде көрсетілмейтін болды. Ал Таяу Шығыстың басқа мемлекеттерінде, мысалы Бахрейн мен Ливанда, сондай-ақ Мысырда көрерменге жол тартып жүр.

Ал Ресейде "құрбы" сөзі "серіктес" сөзімен алмастырылған және Спектердің жынысы мүлде ескерілмейді.

Фильм тақырыбы- фантастикалық әлемде өмір сүретін екі ағайынды эльфтердің тағдыры. Олар анасынан марқұм әкесінің ерекше қабілеттері мен оны бір күнге тірілтетін хатты алып, саяхатқа аттанады.

Жұма күні экранға шыққан "Алға" фильмі Солтүстік Америкада 40 млн доллар пайда тауып, бестселлер атанып отыр.

Жалпы соңғы демалыстарда кинопрокат кірістері азайып кетті. Мамандардың айтуынша, бұл коронавирус эпидемиясына байланысты емес.

Алайда эпидемия Джеймс Бонд жайлы кезекті фильмнің кейінге қалдырылуына себепкер болып отыр. Әзірге басқа фильмдердің тұсаукесері жайлы мәлімет жоқ.