​Лотереядан 10 млн доллар ұтып алған ер адам күтпеген жағдайға тап болды

0
1 186

Америкалық ұтысты қолма-қол ақшаға айналдырардан бұрын көршілеріне барып мақтанған.


​Лотереядан 10 млн доллар ұтып алған ер адам күтпеген жағдайға тап болды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Вакавиль қаласының тұрғыны Жаңа жыл алдында лотереядан 10 миллион доллар ұтып алған. Алайда ер адамды ұтысты алмай жатып тонап кетті, деп жазады sputniknews.kz.

Америкалық ұтысты қолма-қол ақшаға айналдырардан бұрын көршілеріне барып мақтанған. Дегенмен ол келесі күні лотерея кеңсесіне барғанда билетті біреу ауыстырып қойғанын байқаған.

Зардап шегуші болған оқиғаны дереу жергілікті полицияға хабарлайды. Ол құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ұрлықты көршісі жасауы мүмкін екенін ескерткен.

Тәртіп сақшылары лотерея қызметкерлеріне мән-жайды жеткізеді. Осылайша, күдікті Адул Саосонянг ақшаны алуға келгенде лотерея компаниясының өкілдері тонаушыға ақшаны бермеген.

Тергеу барысында полиция Адул Саосонянг шынымен де көршісінің үйіне түскенін анықтады. Енді ол бір жылдан үш жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. Ал билетті сатып алған ер адам ұтысты ала ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.