​Лукашенко Назарбаевтың алдында қымбат аяқ киімімен мақтанды

0
1 269

Мен "Белоруссиядан алдым" деймін. Назарбаев "Мүмкін емес" деді.


​Лукашенко Назарбаевтың алдында қымбат аяқ киімімен мақтанды

ERNUR.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінің елінде өндіретін аяқ киімімен Назарбаевтың алдында мақтанды деп жазады NUR.KZ.

Қос елбасының кездесуінде Назарбаев Лукашенконың аяқ киіміне қызығушылық танытып, қайдан алғанын сұраған.

"Мен "Белоруссиядан алдым" деймін. Назарбаев "Мүмкін емес" деді. Ал мен аяқ киімді шешіп, "Марко" белгісін көрсеттім. Маған ешқандай Италия мен Францияның аяқ киімі керек емес", - деді Лукашенко.

Айта кетейік, Лукашенко бұл оқиғаны аймақтарды аралағанда айтып берген. Беларусь президентінің айтуынша, "Марко" компаниясының өнімдері оның көңілінен шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев та отандық өнімдерді тұтынуды жөн көреді. Елбасы әр сөзінде депутаттар мен шенеуніктерге де Қазақстанда өндірілген өнімдерді пайдалану керектігін айтып отырады.