Лукашенко: Ресей шекарашылар мәселесін айқындауы керек

0
1 331

Оның сөзінше, егер Мәскеу шекараны жабу туралы шешім қабылдайтын болса, оған жауап ретінде Минск те шекаралық бақылау енгізетін болады.


Лукашенко: Ресей шекарашылар мәселесін айқындауы керек

Ресей Беларусьпен арадағы шекарасына қойған шекарашыларына қатысты ұстанымын айқындауы тиіс деп мәлімдеді Беларусь президенті Александр Лукашенко. Ол бұл туралы жұма күні "Дивин" шекара заставасына сапарында айтқан.

"Біз ресейліктер сияқты болмауымыз керек. Олар не керек екенін және ресей-беларусь шекарасында не істеп жүргендерін өздері түсінбейді", - деген Лукашенко.

Оның сөзінше, егер Мәскеу шекараны жабу туралы шешім қабылдайтын болса, оған жауап ретінде Минск те шекаралық бақылау енгізетін болады. Лукашенко бұл мәселені маусымда одақтас [Ресей мен Беларусь] мемлекеттер жоғарғы кеңесі отырысында қаралатынын айтты. Сонымен бірге ол екі мемлекет арасындағы шекараны ескі заманның қалдығы деп атаған.

Азаттық Радиосы жазғандай, Беларусьтің Ресеймен шекарасында тұрақты шекара бөлімшелері жоқ. Ал Ресей болса өз жағында Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі құрамына кіретін шекарашыларды ұстап отыр, олар іс жүзінде мемлекеттік шекараны күзетеді деп хабарлаған Беларусь мемлекеттік шекара комитетінің өкілдері БЕЛТА агенттігіне.