Мағжанның өлеңдері орыс, татар, өзбек, башқұрт тілдеріне аударылмақ

0
3 324

ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен Түркия астанасы Анкара қаласындағы Гази университетінде Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабайдың 125 жасқа толуына орай «Мағжан Жұмабаев жылы» шымылдығын түрді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай «Кастамону - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында Түркі əлеміне ортақ үш тұлғаның мерейтойларын атап өту қолға алынған болатын.

ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен қолға алынған шара қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаев жылына арналды.

«Ақын өлеңдерінің жан тербетер әрбір жолдары мен болашақтан күтер арман-үміті барша түркітілдес елдердің ортақ мақсат-мүддесі мен бір арнасын сипаттап тұрғандай. Мағжан - түрікшіл, тұраншыл тұлға. Ол түркі халықтарының бірлігі үшін жанын берген адам» - дейді түрік ақыны Али Акбаш.

Түркі халқы құрмет тұтқан Мағжан өлеңдері тек түрік тілінде ғана емес орыс, татар, түрік, өзбек, башқұрт тағы басқа ұлттардың тілінде аударылып, кітап етіп шығарылмақ.