Магнитогорскіде үйдің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 37-ге жетті

0
839

Құтқарушылар тәулік бойы үйінділерді аршып жатыр


Магнитогорскіде үйдің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 37-ге жетті

ERNUR.KZ. РФ Магнитогорск қаласындағы үйдің кіреберісінің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 37 адамға жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Үйіндінің астынан шығарылған соңғы адамның жынысы анықталмады», - деді ведомство өкілі.

Тағы төрт адамның тағдыры белгісіз. Апат орнында үйіндінің асты төрт тәулік бойы тексеріліп жатыр.

31 желтоқсан күні таңертең Магнитогорскіде тұрғын үйдің кіреберістерінің бірінде шатыр арқалығы опырылып түскен. РФ тергеу комитеті оқиғаға тұрмыстық газдың жарылуы себеп болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.