Маймыл шешегін жұқтырғандар саны, тіпті көп болуы мүмкін - ДДСҰ

0
581

Таяуда ДДСҰ маймыл шешегін әлемдік ауқымдағы төтенше жағдай деп жариялады.


Маймыл шешегін жұқтырғандар саны, тіпті көп болуы мүмкін - ДДСҰ

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілі Розомунд Льюис Женевадағы брифингте сөз сөйлеп, тиісті топ өкілдері арасында тиімді шараларды жүзеге асырған кезде маймыл шешегінің таралуын тоқтатуға болатындығын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Доктор Льюис бүгінде қауіпті емес аймақтарда жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін аурудың өршуін тоқтату керек екенін атап өтті.

«Биыл 16 мың инфекция анықталды, бірақ жағдайлардың нақты саны бұдан да жоғары болуы мүмкін. Конго Демократиялық Республикасында мыңдаған адам маймыл шешегі ауруына күдікпен жүгінді, бірақ тестілеу мүмкіндігі шектеулі. Расталмаған жағдайлар жаһандық статистикаға кірмейді», - деп түсіндірді Розомунд Льюис.

Сондай-ақ, ол ауруға шалдыққандар арасында 81 жасқа дейінгі 17 бала бар екенін айтты. Көптеген жағдай жігіттер арасында анықталды. Науқастардың орташа жасы - 37 жас. Маймыл шешегі ауруы адаммен тығыз физикалық байланыс арқылы беріледі. Сондықтан, ауру киім, төсек-орын, сүлгілер мен ыдыс-аяқтар арқылы таралуы мүмкін. Осы жылға дейін вирус негізінен Африкада таралды, онда ол эндемикалық болып саналатын.

«Қазіргі таңда бірқатар елде ерлермен сексуалдық байланысқа түсетін ер адамдар арасында кеңінен таралып отыр. Стигматизация мен дискриминация вирустың өзі сияқты қауіпті болуы мүмкін екенін түсіну қажет», - деді ол.

Таяуда ДДСҰ маймыл шешегін әлемдік ауқымдағы төтенше жағдай деп жариялады.