Макрон Сирия мәсілесіндегі Астана мен Женева процессін жақындастыру жолын айтты

0
1 068

Макрон өз сөзінде Астана процессі Францияның көңілінен шықпай отырғанын атап өтті.


Макрон Сирия мәсілесіндегі Астана мен Женева процессін жақындастыру жолын айтты
фото: © РИА Новости

Франция президенті Эммануэль Макрон «елдердің шағын тобы» жасап жатқан әрекет Сириядағы ахуалды реттеуге бағытталған астаналық және женевалық процесстерді жақындастыруға сеп болады деген үмітте, деп хабарлайды ERNUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Жаңа шағын топ аймақтағы жағдайды реттеуде, Ресей және Түркиямен байланыс орнатуда Астана мен Женева арасында көпір бола алады», - Макрон Вашингтондағы баспасөз-конференцияда.

Айтуынша, топтардың кеңесуі соңғы бірнеше аптада мына құрамда жүріп жатыр: АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Иордания, Сауд Арабиясы. "Біз Түркия және Германиямен де кеңесіп жүрміз", — деп толықтырды Макрон.

"Және біз БҰҰ ҚК-нің тұрақты мүшелерімен де аймақтағы одақтастарымызбен де пікір алмасқымыз келеді", — деді Франция президенті.

Макрон өз сөзінде Астана процессі Францияның көңілінен шықпай отырғанын атап өтті.

"Бұл процесс бізді қанағаттандырмайды. Өйткені ол, менің ойымша, нәтиже бермей отыр, Сирия бөлшектенудің алдында", — деді Макрон. Сонымен бірге ол Астана процессі Сириядағы жағдайға әсер ете алатын аймақтағы маңызды елдерді қамтығанын мойынады. БҰҰ-ның айдары қойылған Женева процессін Макрон "легитимді" деп атады.

Сириядағы қарулы қақтығыс 2011 жылдың наурызынан бері жалғасып келеді. Жағдайды реттеу Астана мен Женевада талқыланып жүр. Ал, 30 қаңтарда Сочиде өткен сириялық диалог конгрессі қақтығыс басталғалы оған қатысушы тараптарды бір алаңда келіссөзге жинаудың алғашқы талпынысы болатын.