Мақта терген 92 жастағы кейуананы насихаттамақ болған билік өкілдері сынға ұшырады

0
894

Ташкент басшылығы мақта жинаған қарияға теледидар сыйлап, көпке жария еткен.


Мақта терген 92 жастағы кейуананы насихаттамақ болған билік өкілдері сынға ұшырады

ERNUR.KZ. Өзбекстанда 92 жастағы кейуана бір өзі 70 келі мақта жинаған. Қарттың «еңбекқорлығын» жастарға үлгі етпек болған Ташкент облысының басшылығы жергілікті халықтың ашу-ызазын қоздырды, деп жазады Алтайньюс.

Ташкент басшылығы еңгейген қарттың егіс алқабында жүріп, мақта жинағанын мақтан көрсе керек. Пскенттен келген Куйсина Анорбоеваға теледидар сыйлап қана қоймай, кейуанамен суретке түсіп, көпке жария еткен.

Ал өзбекстандықтар билік өкілдерінің бұл «жомарттығына» наразы.

«Біздің басшылық барлыққа қарттарға бейнетінің зейнетін осылай көрсетеді, – деп күйіне жазды Kun.uz сайтын қолданушы Ахрор Юнусов.

Ал Нарғыз Тұрсынов есімді азамат:

«Мақта алқабында – қарт адам... Бұл ұят», – деп пікір қалдырды.

EADaily ақпаратына сүйенсек, Өзбекстан әлемдегі ең ірі шитті мақта және мақта өнімдерін өндірушілердің бірі болып саналады. Айталық 2018 жылы бұл елде 2,3 миллионн тонна мақта дайындалыпты.