Малайзияда браконьерлерге рекордтық мөлшердегі айыппұл салынды

0
794

Вьетнамдық екі браконьерден ондаған барыстың және малайзиялық аюлардың терісі тәркіленген


Малайзияда браконьерлерге рекордтық мөлшердегі айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Малайзияның солтүстік бөлігіндегі Куала-Тренгану қаласының соты вьетнамдық екі браконьерге қатысты 375 мың АҚШ доллары көлемінде рекордтық айыппұл төлеу үкімін шығарды, деп жазады inform.kz.

Сотталған вьетнамдықтар 2019 жылдың сәуір айында қамауға алынған. Олардан ондаған барыстың және малайзиялық аюлардың терісі тәркіленген. Сондай-ақ, жабайы табиғатта небәрі 200-і ғана қалған малайзиялық жолбарыс денесінің кейбір бағалы бөліктері табылған. Сот шешіміне орай, айыппұлдан өзге браконьерлер екі жылға қамауға алынды. Мұнымен қатар, салынған айыппұлды төлемеген жағдайда, 16 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылатын болады.