Мали президентіне мешітте пышақпен шабуыл жасалды

0
446

Әзірге уақытша басшының жағдайы туралы ақпарат жоқ.


Мали президентіне мешітте пышақпен шабуыл жасалды

ERNUR.KZ. Малидің уақытша президенті міндетін артқарушы Ассими Гоитаға мешітте намаз оқып жатқан кезде пышақпен шабуыл жасалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Әзірге уақытша басшының жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Малидегі әскери күштер 24 мамырда Ба Ндау мен премьер-министр Моктар Уанды тұтқындады және оларды Бамако астанасының жанындағы Кати әскери базасына көшірді. Вице-президент Ассими Гоита президент пен премьерді өтпелі хартияны бұзғаны үшін қызметінен босатқанын мәлімдеді. Гоита бастаған әскери кеңес елді басқаруды өз мойнына алды және келесі жылы Малиде президенттік және парламенттік сайлау өткізілетінін жариялады. Мали Конституциялық соты Гоитаны өтпелі кезең президенті деп жариялады.