Мамандар қателесіп балаларға басқа вакцина салып жіберген

0
604

Балаларға «Пфайзер-Байонтек» вакцинасы салынуы керек болатын.


Мамандар қателесіп балаларға басқа вакцина салып жіберген

ERNUR.KZ. Германиядағы вакциналау орталықтарының бірінде мамандар қателесіп, үш оқушыға Moderna екпесін салған, деп жазады ulysmedia.kz.

Балаларға «Пфайзер-Байонтек» вакцинасы салынуы керек болатын. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, оқыс оқиғадан ата-аналар да, полиция да хабардар. Тексеріс жүргізген денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың жағдайы жақсы екенін айтып, препараттың ешқандай жанама әсері байқалмағанын хабарлады.

Еске сала кетсек, Германия желтоқсаннан бастап 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға «Пфайзер-Байонтек» препаратын сала бастады. Ал «Модерна» әзірге 12 жастан асқандарға ғана рұқсат етілген.