Марста бірінші рет жер сілкінісі тіркелді

0
1 059

Сейсмикалық сигнал 6 сәуірде анықталған.


Марста бірінші рет жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ. Франциялық SEIS сейсмограф аппараты тарихта тұңғыш рет Марста жер асты дүмпуін тіркеді. Бұл туралы Францияның CNES ғарыш агенттігі Twitter желісіндегі парақшасында жариялады, - деп жазады tengrinews.kz.

SEIS марсиандық миссиясының 128-ші күні "әлсіз, бірақ анық" сейсмикалық сигнал 6 сәуірде анықталған. CNES мәліметінше, бұл 1960-1970 жылдары АҚШ-тың "Апполон" миссиясы кезіндегі Айдың бетіндегі белсенділікке ұқсас екен.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл қандай да бір сыртқы фактор немесе жел емес, нағыз жер сілкінісі. Осыған дейін, Curiosity ровері Гейл кратерінде азот қосындысын тапқан, оның арқасында тірі ағзаның өмір сүруіне мүмкіндік бар деген сөз.