Марста суы бар көл анықталды

0
614

Болжам бойынша, көл көлденең 20-дан 30 шақырымды құраса, ал тереңдігі 1,5 шақырымға тең.


Марста суы бар көл анықталды

ERNUR.KZ. Итальян ғалымдары үлкен жерүсті көлінің жанынан тұзды су қоймасының желісі табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Nature Astronomy журналында жарияланған мақалада айтылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зерттеушілер Еуропа ғарыш агенттігінің Mars Express аппаратынан алынған мәліметтерге сараптама жүргізген.

Болжам бойынша, көл көлденең 20-дан 30 шақырымды құраса, ал тереңдігі 1,5 шақырымға тең. Яғни ол Марстың Оңтүстік полюсінің мұзды қабатының астында орналасқан. Көл маңынан үш шағын тоған анықталған, олар негізгі су қоймасымен байланыспайды.

Судың болуы Марста немесе оның үстіңгі қабатында микробтардың өмір сүруі мүмкін деген сенімді арттыра түседі. Ал тұз олардың қатып қалмауына әсер етеді.

Жалпы, ғалымдар осыдан 4 млрд жыл бұрын Марс жылы әрі ылғалды болған деп санайды. Дегенмен магнит өрісінің жоғалуы себеп шөлге айналған.

Оңтүстік полюстегі ауа темпаратурасы минус 113 градусты құрағанымен, уақыт өткен сайын жылып келеді.