Маск Twitter-дің бас директоры қызметінен кетуге дайын

0
566

​Илон Маск Twitter әлеуметтік желісінің бас директоры қызметінен кету үшін бір ғана шартты атады.


Маск Twitter-дің бас директоры қызметінен кетуге дайын

ERNUR.KZ. Америкалық кәсіпкер және Twitter иесі Илон Маск бұл лауазымға адам тапқаннан кейін бас директор қызметінен кететінін айтты, деп жазады sputnik.kz.

20 желтоқсанда CNBC телеарнасы Маск белсенді түрде Twitter-ге жаңа бас директорды іздеп жатқанын хабарлады. Бұл туралы РИА Новости ақпарат таратты.
Маск әлеуметтік желіде бас директор лауазымын босатуға дайын екенін айтты, бірақ ол үшін нақты бір шартты атады.
"Мен осы қызметті атқаруға дайын ақымақ адам табылған бойда бас директор қызметінен кетемін! Одан кейін мен бағдарламалық жасақтама және сервер командаларын басқарамын", - деп жазды Маск Twitter парақшасында.
Еске салсақ, қазан айының соңында Маск Twitter-ді сатып алу бойынша құны 44 миллиард доллар болатын келісімді аяқтады. Ол қатаң цензураға ұшыраған әлеуметтік желінің редакциялық саясатын либерализациялауға және контентті модерациялау кеңесін құруға, бірақ кеңес жұмысқа кіріскенше редакциялық саясат пен бұғатталған аккаунттарды қалпына келтіруге қатысты шешімдер қабылдамауға уәде берді.