«Масқаралау алаңы»: қытайлық компаниялар нашар жұмыс істеген басшыларды ерекше әдіспен жазалады (видео)

0
724

Қытай компанияларының бірінде болған жазалау сәті түсірілген видео жарияланды.


«Масқаралау алаңы»: қытайлық компаниялар нашар жұмыс істеген басшыларды ерекше әдіспен жазалады (видео)

ERNUR.KZ. 19 қаңтарда қытайлық компанияның жұмыс қорытындысын "ерекше" өткізіп жатқаны туралы желіде видео тарады, деп жазады Skifnews.kz.

Олардың бұл әрекеті "Масқаралау алаңы" деп аталады екен.

Жұмыс жоспарын дұрыс орындамаған орта шенді басшылар "Масқаралау алаңына" өтіп, олар жиналыс алаңынан бірінен соң бірі еңбектеп, тізерлеп өтеді де, «Мен қатемді түзеуге уәде беремін!» деп айқайлайды.

Ғаламтор беттерінде қытай компанияларының бірінде болған жазалау сәті түсірілген видео жарияланды. Видеода жазалау сәтінде компания қызметкерлері көше бойымен тізерлеп жүріп өткен. Видеодағы кадрлардан бір топ адамдардың жол бойымен тізерлеп, еңбектеп жүрген, ал олардың алдында ту ұстап өткен адамды байқауға болады.

Компания өткен жылы көздеген мақсатқа жете алмағандықтары үшін жазалаған.

Айтпақшы, қызметкерлер жазасын орындау кезінде полиция қызметкерлері келіп, олардың "масқаралау" әрекетін тоқтатқан.