Мәскеу түбінде Ми-8 тікұшағы құлап, экипаж түгел қаза тапты

0
775

Оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде иен далаға құлаған.


Мәскеу түбінде Ми-8 тікұшағы құлап, экипаж түгел қаза тапты

ERNUR.KZ. Мәскеу түбіндегі Клин ауданында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл мәліметті сейсенбі күні РФ Қорғаныс министрлігі журналистерге берген.

19 мамыр күні Мәскеу уақытымен 20:00 шамасында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде Клин елдімекенінен 20 км жерде Ресейдің Әуе-ғарыш күшіне тиесілі Ми-8 тікұшағы иен далаға құлады. Экипаж түгел қаза тапты», - деп хабарлайды ведомстводан.

Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сай, ӘҒК Бас қолбасшылығының комиссиясы оқиға орнына аттанды.

Алдын ала дерек бойынша, апат техникалық ақау салдарынан болған.