Мәскеуде блогер қыздың денесі шабаданнан табылды

0
959

Қыздың өліміне қызғаныш себеп болған.


Мәскеуде блогер қыздың денесі шабаданнан табылды

ERNUR.KZ. Мәскеуде шабаданның ішінен қайтыс болғанның қыздың денесі табылды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ресей астанасындағы Пырьева көшесінің бойында қайтыс болған қызға пәтерді жалға берген ер адам блогердің өлі денесін тапқан. Қыздарына ұзақ уақыт бойы хабарласа алмаған ата-анасы пәтер иесіне өтініш айтқан.

Қайтыс болған қыздың тамағын пышақпен кескен. Оның үстінде киімі болмаған. Қыз бала медициналық ЖОО-да оқып жүрген және әлеуметтік желіде блог жүргізген. Оған шамамен 80 мыңнан аса адам жазылған. Өз парақшасында блогер оқу үдерісі мен саяхат туралы айтатын болған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, кісі өлтіруге қызғаныш себепші болған.