Мәскеуде электросамокат жарылды

0
862

Ғимараттан 30 адам эвакуацияланған.


Мәскеуде электросамокат жарылды

ERNUR.KZ. Мәскеуде электр самокатының аккумуляторы жарылып, тұрғын үйдің қабырғасына сызат түскен, деп жазады elitar.kz.

23 сәуір күні таңғы сағат алтылар шамасында ХамовниченскВаласындағы тұрғын үйде жергілікті тұрғындар соңы өртке ұласқан жарылыстың дауысын естіген. Өрт алаңы 5 шаршы метрді құрады.

Оқиға куәгерлері тілсіз жауды тез сөндіргенін, ал өрт сөндірушілер ғимараттан 30 адамды эвакуациялағанын хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт пен жарылыстың себебі электрлі самокат болған.