Мәскеуде коронавирустан бір тәулікте 74 адам қайтыс болды

0
646

Бұл қалада инфекция таралған уақыттан бергі ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш.


Мәскеуде коронавирустан бір тәулікте 74 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ресей астанасы Мәскеуде коронавирустан көз жұмған адамдар саны 74-ке өсіп, 1432-ні құрады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Мәскеудегі коронавирус жағдайын бақылау және мониторинг жөніндегі жедел штаб мәлім етті.


«Мәскеуде пневмония диагнозы қойылған және коронавирус инфекциясына жасаған тесті оң нәтиже көрсеткен 74 пациент қайтыс болды», - делінген штаб хабарламасында.


Штабтың мәліметінше, бұл қалада инфекция таралған уақыттан бергі ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш. Егер ЖРВИ кез келген белгілері пайда болса, үйде қалып, өздігінен емделмеу керектігін еске салды. Мұндай жағдайда үйге дәрігер шақыру керек.