​Маймылға тиіскен турист таяқ жеп қалды (видео)

0
3 143

ERNUR.KZ. Тоған қоршауында отырған маймылды суға итеріп жіберіп қызыққа батпақ болған турист жануардан өзі таяқ жеп қалды.


​Маймылға тиіскен турист таяқ жеп қалды (видео)

ERNUR.KZ. Тоған қоршауында отырған маймылды суға итеріп жіберіп қызыққа батпақ болған турист жануардан өзі таяқ жеп қалды, деп жазады life.ru.

Оқиға Қытайдың Фуцзянь провинциясындағы ғибадатханалардың бірінде болған. Аулада бейбіт өмір сүретін маймылдардың бірі тоған қоршауының үстінде отырғанын көрген туристердің бірі оны суға итеріп жібереді. Оған ашуланған макака қайта атып шығып, өзін ренжіткен жігітке бас салады. Содан соң көмекке тағы бір маймыл келіп үлгереді.

Турист жігіт ғибадатхананың ішіне кіріп жасырынбақ болғанмен, екінші маймыл қуып кіріп оны жарақаттап үлгереді. Оқиғаны ғибадатханаға келушілердің бірі кездейсоқ түсіріп алған.

Жігітке басқалар көмектескенше маймыл оның бет-аузын, қолдарын тырнап үлгерген. Кейінірек маймылдан «таяқ жеген» жігіт өзінің фотосуретін әлеуметтік желіге салған.