​Мейрамханадағы атыстан бір адам көз жұмды

0
987

Қылмыстық топтардың өзара есеп айырысуы адам өліміне әкелген.


​Мейрамханадағы атыстан бір адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Афины қаласындағы Омония орталық алаңына жақын маңдағы Критис көшесіндегі мейрамханада атыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алдын ала деректер бойынша, оқыс оқиға салдарынан бір адам қаза тапқан. Ал өз кезегінде Protothema газеті күдіктінің қылмыс орнынан мотоциклге мініп ізін суытқанын жазды. Куәгерлердің айтуынша, киллердің бірі адамды басынан атқан. Мерт болған - Албания тумасы. Құқық қорғау органдары келеңсіз жағдайды тексеруде. Басылымның болжамынша, қылмыстық топтардың өзара есеп айырысуы адам өліміне ұшыратқан.