​Мейрамханаға ас ішуге кірген Том Хэнкс қайырымды ісімен таңғалдырды

0
1 037

Олар мен көрген ең таңғажайып адамдар


​Мейрамханаға ас ішуге кірген Том Хэнкс қайырымды ісімен таңғалдырды

ERNUR.KZ. Голливуд жұлдызы Том Хэнкс таяуда Калифорния штатындағы Фонтана қаласында жылдам ас әзірлеу мейрамханасына келіп, сондағы келушілердің барлығына өз есебінен тамақ алып берген, деп жазады tengrinews.kz.

Сонымен қатар, екі дүркін "Оскар" иегері кафе келушілерімен амандасып, суретке түскен. Суреттер әлеуметтік желіде жарияланды. Актердің қайырымды ісін БАҚ өкілдері жарыса жазды.

Хэнкс мейрамханаға жары Рита Уилсонмен бірге келген.

"Бүгін Том Хэнкс және оның жарымен кездесу бақыты пайда болды. Олар мен көрген ең таңғажайып адамдар", - деп жазды келушілердің бірі.