​Меккеде суицид жасалды (видео)

0
1 729

Оқиға 8 маусымда болған.


​Меккеде суицид жасалды (видео)

Меккенің Уағыз мешітінің (Әл-Харам) территориясында ер адам суицид жасады, - деп хабарлайды tengrinews.kz Daily Sabah сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 8 маусымда болған. Ер адам жалбарынушылар тұрған жерге үшінші қабаттан секірген. Осы кезде төменде мыңдаған адам тұрған. Ол оқиға орнында қаза тапты.

Сауд Арабиясының БАҚ-тары ер адамның 26 жастағы француз екенін жазып жатыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеуді бастап кетті.

Әл-Харам – әлемнің ең ірі әрі басты мешіті, оның ішкі ауласында мұсылмандар құлшылық ететін аса қастерлі орындағы Қағба тұр.