Меккеге қажылыққа 2 млн жуық адам барды

0
1 267

Қазақстан азаматтарына биылғы қажылық сапарына 3200 квота берілді. ​


Меккеге қажылыққа 2 млн жуық адам барды

ERNUR.KZ. Мұсылмандар үшін қасиетті Мекке қаласына жыл сайынғы қажылыққа әлемнің түкпір түкпірінен 2 млн жуық адам келді, деп жазады «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, құлшылық ету үшін Сауд Арабияға табан тірегендердің ішінде Индонезия, Пәкістан, Үндістан, Алжир, Марокко, Бангладеш, Иран және Түркия азаматтары бар. Қажылық тамыздың 14-іне дейін жалғасады.

Еске салсақ, жыл сайын қажылыққа әлемнің екі миллионнан астам мұсылмандары барады. 2018 жылы бұл көрсеткіш 2 млн 371 мың адамды құрады.

Ал, Қазақстан азаматтарына биылғы қажылық сапарына 3200 квота берілді.