Мексикада 100 миллионнан астам адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады

0
432

Елге екпе салу келесі жылдың соңына жоспарланып отыр.


Мексикада 100 миллионнан астам адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады

ERNUR.KZ. Мексика билігі халықтың 90%-іне коронавирусқа қарсы вакцина салмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шамамен 100 миллионнан астам адам. Елге екпе салу келесі жылдың соңына жоспарланып отыр. Ал қазір үкімет халықаралық Ковакс механизмі аясында COVID-19-ға қарсы препараттарға алғытөлем жасап жатыр. Осылайша, Мексика америкалық Moderna, немістің CureVac және Британия мен Швейцария ғалымдары әзірлеп жатқан AstraZeneca вакциналарына қол жеткізеді.

Жалпы Мексика елі коронавирусқа қарсы вакцинаға 1,5 миллиард доллар бөліп отыр. Осы қаржыға ел тұрғындары тегін препаратпен қамтылмақ.