Мексикада аттракцион рельстен шығып кетті: екі адам қаза тапты (видео)

0
677

Саябақ жұмысы тоқтады.


Мексикада аттракцион рельстен шығып кетті: екі адам қаза тапты (видео)

ERNUR.KZ. Мексика астанасында ойын-сауық саябағында қайғылы оқиға болды. Аттракциондардың бірі қозғалыс кезінде рельстен шығып кетіп, қабырғаға соқтығысты", - деп жазады tengrinews.kz.

Апат салдарынан екі адам қаза тапты, тағы үшеуі жарақат алды.

Twitter желісінің қолданушылары осы оқиғаның видеосын жариялаған. Құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Саябақ жұмысы тоқтады. Барлық әткеншектер тексеріледі.