Мексикада белгісіз біреулер барда отырған бірнеше адамды атып кетті

0
787

Билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.


Мексикада белгісіз біреулер барда отырған бірнеше адамды атып кетті

ERNUR.KZ. Жексенбі күні кешкісін Мексиканың Табаско штатының орталығы Вильэросаның маңындағы барға бір топ қылмыскер шабуыл жасады. Салдарынан кем дегенде бес адам көз жұмып, алты адам жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Milenio газетінің мәліметінше, қарулы топ ғимаратқа кіріп келіп, сонда отырғандарға оқ жаудырған. Артынша іздерін суытқан. Билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Шабуылға жауапты қылмыстық топ әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, тамыз айының соңында Веракрус штатының Коацакоалькос қаласында «Ақ ат» барына шабуыл жасалып, 30 адам ажал құшқан еді.