Mектеп директоры білім мекемесінің әжетханасында асылып өлді

0
796

Директор үш хат жазып қалдырған. Солардың бірінде ол әріптес ұстаздарына жемқорлық жасамауға кеңес берген.


Mектеп директоры білім мекемесінің әжетханасында асылып өлді

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Қашқадария облысына қарасты Китаб ауданындағы мектептердің бірінің директоры білім мекемесінің әжетханасында асылып өлді, деп жазады centralasian.org.

Хабарларға қарағанда, 47 жастағы мектеп директоры өз-өзіне қол жұмсаған.

Қашқадария облыстық прокуратурасының мәліметі бойынша, директор үш хат қалдырған. Солардың бірінде ол әріптес ұстаздарына жемқорлық жасамауға кеңес берген. Марқұмның туыстары директор жүрек ауруынан қайтыс болды деп хабарлап, сот-медициналық сараптама өткізбестен жерлеген.

Тергеушілер аудандық білім, ішкі істер бөлімдерін тексеріп жатыр.