Мектеп мұғалімдеріне жасыл түсті қалам мен қойын дәптер ұстау міндеттеліп жатыр

0
1 296

Осыған дейін Түркіменстанда ер адамдар жасыл түсті тақия, әйелдер ұлттық киім киіп жүру міндеттелген.


Мектеп мұғалімдеріне жасыл түсті қалам мен қойын дәптер ұстау міндеттеліп жатыр

ERNUR.KZ. Түркіменстанда мектеп мұғалімдерінен жасыл түсті қалам мен қойын дәптер қолдануды талап етіп жатыр, деп жазады Skifnews.kz.

Бір қаламсап 45 манат, бір қойын дәптер 50 манат тұрады.

Түркіменстанда ресми бағам бойынша бір АҚШ доллары 3,5 манат болады. Осыған дейін Түркіменстанда ер адамдар жасыл түсті тақия, әйелдер ұлттық киім киіп жүру міндеттелген.

Өткен аптада мемлекеттік телеканалдар ел президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің парламент депутаттарымен болған жиналысты көрсеткен. Онда залда отырған шенеуніктер жасыл түсті қаламсап пен жасыл блокноттарға жазып отырғаны байқалған.