​Мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болған

0
2 316

Төбелеске отыз шақты жоғары сынып оқушысы қатысқан.


​Мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болған

ERNUR.KZ. Түркіменстанның Түркіменабад қаласында жергілікті төрт мектептің оқушылары арасында төбелес болған.

«Төбелеске отыз шақты жоғары сынып оқушысы қатысқан. № 3, 24 және 26 мектеп оқушылары № 5 орта мектепке барып, жоғары сынып оқушыларын ұрысқа шақырған», -дейді куәгерлер.

Оның сөзінше, жергілікті тұрғындар бірден полиция шақырған. Соның арқасында төбелесті дер кезінде тоқтатқан. Полиция № 5 мектептің төрт оқушысын ұстаған.

Түркіменабад тұрғындары соңғы уақытта жастар арасында төбелестің көбейіп кеткенін айтады.

«Оқушылар арасында топ-топқа бөлініп төбелесу қалыпты жағдайға айналып кетті», - дейді мектеп мұғалімінің бірі.