"Мен үшін төлей саласың ба?": Путин Ердоғанға балмұздақ сатып әперді (видео)

0
1 005

Путин қалтасынан ақша шығарып, балмұздақты сатып алды.


ERNUR.KZ. Жуковский әуежайындағы авиашоу мен әуежайы павильондарындағы экспозицияларды тамашалағаннан кейін Ресей мен Түркия президенттері балмұздақ сататын жерге келді, деп жазады zakon.kz.

""Мен үшін төлей саласың ба", деп сұрады Ердоған. – "Әрине, төлеймін ғой, сен менің қонағымсың ғой", деген Путин қалтасынан ақша шығарып, балмұздақты сатып алды.

Владимир Путин қалтасынан бес мыңдық купюра шығарған. Сатушыға "ақшаның қайтарымын авиация саласын дамыту үшін министрге бере салыңыз" деп қалжыңдады. Бірақ сосын қайта ойланып, екі тарап делегациясы мүшелерінің бәріне балмұздақ таратуды шешті.