​Мерзімі өтіп кеткен опа-далапты қолданған әйел соқыр болып қалды

0
3 016

Көз аурулары дәрігері қабылдауынан кейін, әйел көзіне инфекция түсіп кеткенін және ол мерзімі өтіп кеткен косметиканы қолданғаннан екенін білді.


​Мерзімі өтіп кеткен опа-далапты қолданған әйел соқыр болып қалды

ERNUR.KZ.Аустралиялық қарт әйел 20 жылға мерзімі өтіп кеткен кірпіктерге арналған тушьті жаққаннан кейін зағип болып қалған, - деп жазады tengrinews.kz.

Аделаида қаласының тұрғыны Ширли Поттер күнделікті макияжын жаққаннан кейін қыздарымен бірге серуендеуге шыққан. Келесі күні күйеуі оған көздері қызарып тұрғанын, дәрігерге қаралу керектігін айтқан.

Әйелдің айтуынша, туғаннан бастап сол көзі көрмей, сол жақ көзі ештеңені сезбегендігіне қарамастан, екі көзі ашып, күйе бастаған.

Ширлидің айтуынша, бірнеше ай бойы мазасы кетіп, көзі ашып жүрген. Көз аурулары дәрігері қабылдауынан кейін, әйел көзіне инфекция түсіп кеткенін және ол мерзімі өтіп кеткен косметиканы қолданғаннан екенін білді. Сол уақытқа дейін әйелдің көру қабілеті әлсіреп, үш жылдан кейін мүлдем көре алмай қалатынын білді.

Басылымның жазуынша, әр косметиканың мерзімі алты айдан аспауы тиіс. Мерзімі тауардың үстінде я астында көрсетілуі керек. Мамырда көзінен ешқашан косметикасын өшірмейтін Поттердің құрбысының да көзі көрмей қалған. Макияж сүртпей ұйықтағандықтан, көзінің ішкі қабатына тушь кіріп, көздің шырышты қабығында қатып қалған.