Мерзімінен бұрын қайтыс болуға жол бермейтін сенімді тәсіл анықталды

0
1 127

Адамдарға өмір жасын ұзартудың жолын көрсетті


Мерзімінен бұрын қайтыс болуға жол бермейтін сенімді тәсіл анықталды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Колумбия университеті ғалымдары белсенділігі төмен адамдардың арасында мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупін төмендетудің жолын тапты. Белгілі болғандай, 30 минут тапжылмай отырғаннан кейін, жаттығу жасап, сергіп алу адам денсаулығына орасан зор пайдасын тигізеді екен, деп жазады sputniknews.

Мамандар 2009-2013 жылдары инсульттің жиілігін анықтау туралы зерттеуге қатысқан орта және егде жастағы сегіз мың адам туралы деректерді мұқият саралаған. Сонымен қатар, еріктілер төрт күн бойы белсенділікті бақылайтын құрылғыны тағып жүріпті. Ғалымдар 2017 жылға дейінгі өлім-жітім көрсеткіштерін есептеді.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 30 минут жеңіл-желпі физикалық жаттығу жасау мезгілсіз қаза қаупін 17 пайызға төмендетеді. Ал одан гөрі көбірек күш жұмсалатын жаттығулар өлім қаупін 35 пайызға азайтады екен.

Айта кетсек, тіпті бір-екі минут белсенді демалудың өзі адам денсаулығына зор пайдасын тигізеді. Ғалымдар жасаған қорытынды бойынша, ұзақ отырып жұмыс істеу керек болғанда, әр жарты сағат сайын жеңіл жаттығулар жасап, сергіп отырсаңыз, ағзаңызға ешқандай зияны тимейді.