Метеорологтар 22 сәуір күні жерде магнит дауылы болатынын хабарлады

0
1 409

Жүрек-қантамыр жүйесі және басқа да аурулар бар адамдар сақ болғаны жөн дейді мамандар.


Метеорологтар 22 сәуір күні жерде магнит дауылы болатынын хабарлады

ERNUR.KZ. Бүгін Жер тұрғындарын күшті магнит дауылы мазалауы мүмкін. Оның себебі Күн бетінде AR2738 дақтарының пайда болуынан деп түсіндіреді Space Weather.

22 сәуір күні, магнит дауылының үдейтін шағы. Бұл құбылыс электр жабдықтарының істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін. Сарапшылардың бағалауы бойынша, корональды массаның әсері үлкен болмайды, ғаламшардың магниттік полюстерінің ығысуы орын алмайды. Әйтпесе, бұл елеулі әрі жойқын зардаптар әкелуі мүмкін еді. Күн белсенділігі метео сезімтал тұлғаларға және созылмалы аурулары бар азаматтарға әсер етуі мүмкін. Мысалы, жүрек-қантамыр жүйесі және басқа да аурулар бар адамдар сақ болғаны жөн дейді мамандар.

Қазгидрометтің хабарлауынша бүгін Шымкентте 14 градус жылы. Күн кешегіден 3 минутқа ұзын, яғни 13 сағ. 40 мин. Болжамға сәйкес, Шымкентте бүгін емес, ертең сағат 21:00-де күші аз геомагниттік дауыл күтіледі.


Дереккөз: elitar.kz.