Метрода ұсталған қылмыскер полицияны өлтірді

0
1 199

Қылмыс түн ортасында болған.


Метрода ұсталған қылмыскер полицияны өлтірді

ERNUR.KZ. Мәскеудегі «Курск» метро станциясында полиция қызметкерін өлтіріп кетті, деп жазады Вaq.kz.

Қылмыс түн ортасында болған.

«Белгісіз ер адам тапаншамен полицияны жарақаттады. Соның салдарынан ол қаза тапты», - делінген полиция таратқан хабарламада.

РЕН-ТВ телеарнасының ақпаратына қарағанда, оқ атқан ер адамды алдымен полицей ұстаған. Кейін ол тәртіп сақшысын атып қашып кеткен.

Мәскеуде қылмыскерге іздеу салынды. Күдікті ер адамның бет-әлпеті «кавказ немесе азиаттық» түрге жатады. Шамамен 40-45 жаста, денесі мықым, бойы 160-165 сантиметр, үстінде сұр куртка, көк джинсы және сұр кепка болған.

Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

«Полиция қызметкеріне қастандық жасады фактісі бойынша іс қозғалды», - деді Ресей тергеу комитеті аға көмекшісі Юлия Иванова.