Мейрам кезінде 40 адам қаза болып, тағы 124-і жарақат алды

0
1 118

Боливиядағы сенбі күні басталып, төрт күнге жалғасқан ұлттық карнавал кезінде 40 адам мерт болып, 124 тұрғын жарақат алды, - деп хабарлайды ТАСС елдің ішкі істер министрі Карлос Ромероға сілтеме жасап.

"Қаза болғандар саны - 40. Өкінішке орай, бақылаудың күшейтілгеніне қарамастан, карнавал кезіндегі адам өлімі мен жарақат алуы өте көп», - дейді Ромеро.

Айтуынша, қаза болған 40 адамның 16-сы жол-көлік апатының құрбаны болған. Тағы сегіз адам Оруро қаласындағы газ баллонының жарылысы салдарынан мертіккен. Зардап шеккен 124 тұрғынның 51-і тура сол газ баллоны жарылған кезде жарақат алғандар екен.

ЮНЕСКО-ның материалды құндылықтар тізіміне 2001 жылы енгізілген Оруродағы карнавал Боливиядағы ең кең таралған және айшықты мейрам саналады. 2017 жылы бұл мерекені тамашалауға 412 мың турист келген.