Миллиардер Джефф Безос 20 шілдеде ғарышқа ұшпақ

0
469

Бес жастан бастап мен ғарышқа ұшуды армандадым, дейді миллиардер.


Миллиардер Джефф Безос 20 шілдеде ғарышқа ұшпақ

ERNUR.KZ. Amazon мен Blue Origin ғарыштық компаниясының бас директоры Джефф Безос шілдеде ғарышқа ұшпақшы. Бұл туралы миллиардердің Іnstagram-ында мәлім етілді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бес жастан бастап мен ғарышқа ұшуды армандадым. 20 шілде күні бұл сапарға ініммен бірге аттанамын. Бұл ең жақын досыммен өткеретін есте қаларлық сапар болмақ», - делінген Безостың жазбасында.

Blue Origin шілдеде Безос пен оның інісінің New Shepard басқарылатын ғарыш кемесінің бірінші сапарына ұйымдастырылған аукцион жеңімпазымен бірге ғарышқа ұшатынын растады.