Мирзияев министрлерді ауылдарға жібермек

0
914

Мирзияев ауылдарға қай министрлердің аттанатынын, олардың басқа аймақтарда қанша уақыт болатынын нақты айтпады.


Мирзияев министрлерді ауылдарға жібермек

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте отырған министрлерді "халықтың күнделікті күнкөрісімен танысып, қиындықтарын көру үшін" ауыл-аймақтарға жіберетінін айтты, деп хабарлайды azattyq.org .

"Ташкентте тұрып жатқан 70 пайыз министр мен шенеунік енді провинцияларға барып тұрады. Олар Ташкентте қалмайды" деді 26 сәуірде өткен Үкімет отырысында.

"Теледидардан халықтың сусыз, газсыз, жарықсыз отырғанын көреміз. 32 миллион халықтың екі жарым миллионы Ташкентте тұрады. Қалған адамдар басқа аймақтарда өмір сүріп жатыр" деді президент.

Мирзияев ауылдарға қай министрлердің аттанатынын, олардың басқа аймақтарда қанша уақыт болатынын нақты айтпады. Тек "бұл мәселеге қатысты жақында президент жарлығы шығады" деді.

Өткен апталардың бірінде Мирзияев мұғалімдер мен дәрігерлерді "міндетінен тыс жұмысқа шығарған" шенеуніктер жұмыстан қуылатынын айтқан.