Өз атын естіген ару есінен танып қалды (видео)

0
2 071

Miss Grand International - 2018 финалға шыққанын естіген бойда есінен танды


Өз атын естіген ару есінен танып қалды (видео)

ERNUR.KZ. Miss Grand International - 2018 сұлулық байқауының жеңімпазы нәтижелерді жариялаған кезде өз есімін естіп, есінен танып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Халықаралық сұлулық байқауы Мьянмада 5 қазанда басталған болатын. Әлемнің 80 елінің өкілі үш апта бойы осы титулға таласқан еді. Финалға дейін қатысушылар түрлі байқаулардан өтті. Сондай-ақ, байқау қатысушылары Азия елдеріне екі рет ұшып барған.

Нәтижесінде 25 қазанда Янгон қаласында өткен байқауда Парагвай аруы Клара Роса жеңіске жетті. Алайда ол өз есімін естіген кезде есінен танып қалды. Айта кетейік, бас жүлде - 40 мың доллар мен ұйымдастырушылармен бір жылдық келісімшарт.