​Мөлдір АҚШ-та екі мәрте көк туды желбіретті

0
1 586

Мөлдір Мекенбаева екі категорияда да өзгелерден озып үздік атанған, деп хабарлайды ERNUR.KZ


​Мөлдір АҚШ-та екі мәрте көк туды желбіретті

Құрама штаттарда өткен джиу-джитсудан халықаралық "Los Angeles Open" турнирінің екі алтын медалін жеңіп алды. Мөлдір Мекенбаева екі категорияда да өзгелерден озып үздік атанған, деп хабарлайды ERNUR.KZ NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.

Бойжеткен көк белбеулі спортшылар арасында өз салмағы бойынша жəне де абсолютті категорияда алтын медаль иегері атанды.

АҚШ-та өткен халықаралық жарыста Мөлдір Мекенбаева көк туды екі мәрте желбіреткен. Оның спорттағы жетістіктерінен бөлек, бойжеткеннің сұлулығына да тамсанушылар жетіп артылады.

Салауатты өмір салтын ұстанып жүретін спортшы қыздың Instagram парақшасына 77 мың адам тіркелген. Мөлдірдің танымалдылығы күннен күнге артып келеді.