Молдовада газ тапшылығына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды

0
766

Төтенше жағдай режимі 20 қарашаға дейін жалғасады.


Молдовада газ тапшылығына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды

ERNUR.KZ. Енгізілген шара табиғи газды жедел түрде сатып алудың ерекше режимін, тұтынушылардан пайдаланылған газ үшін төлемдерді жинау бойынша жедел құралдар жасауды және басқа да қадамдарды көздейді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұған дейін Молдова премьер-министрі Наталья Гаврилица Парламенттен газ тапшылығына байланысты елде төтенше жағдай режимін енгізуді ресми түрде сұрайтынын мәлімдеді.

1 қазанда "Газпром" Молдовамен газ жеткізу туралы келісімшартты бір айға ұзартты, бағасы 1000 текше метр үшін 790 долларға дейін өсті. 6 қазанда "Молдовагаз" тұтыну жеткізілімнен асып түсетінін хабарлады. Елде "дабыл режимі" енгізілді. Тұрғындардан мүмкіндігінше балама отынға көшуді сұрады.

Украина Молдавияға газ дағдарысы кезінде энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға көмектесуге ниетті екенін айтты.

"Украинаның Молдовамен ынтымақтастығы ол үшін қиын кезеңдерде күмән тудырмайды. Бірлесе отырып, біз Ресей Федерациясының кез келген қысымын жеңе аламыз", - деді Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба.