«Motorola» әйгілі «Razr V3» ұялы телефонын қайта шығармақшы

0
656

Смартфон 2020 жылдың қаңтарынан бастап сатылады.


«Motorola» әйгілі «Razr V3» ұялы телефонын қайта шығармақшы

ERNUR.KZ. Айл би бэк (I’ll be back) – мен оралам. Дәл осы сөз тіркесі Моторалланың ұранына айналғандай. Компанияның Motorola Razr атымен танымал болған әйгілі смартфоны ресми таныстырылып, қайта сатылымға шығарылмақ, деп жазады inbusiness.kz.

Моторолланың мәліметінше, Razr моделі 6,2 дюймді ОЛЕД дисплейімен, 4 және 6 гб оперативті жүйемен, 64 немесе 128 гб-тық флэш жадымен жабдықталған. Смартфон жүйесі Qualcomm Snapdragon 710 аясында жұмыс істейді. Ақылды телефонның алдын-ала тапсырысы биылғы жылдың 26 желтоқсанында ашылады. Смартфон 2020 жылдың қаңтарынан бастап сатылады. Жаңа аппараттың құны 600 мың теңгеден басталады дейді мамандар.